Тоқаев Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды
Қысқа сілтеме алу
Бүкіл елді шулатқан оқиғадан кейін қалалық білім басқармасының басшысы, мектеп директоры, мектеп инспекторы және бірнеше мұғалім мен білім ошағының қызметкері жұмыстан кетті
НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша — Sputnik. Таразда болған сұмдық жағдайдан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды.
Бұл туралы президент Twitter-парақшасында хабарлады.
«Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым», — деп жазды Тоқаев.
Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) November 21, 2019
Қазіргі уақытта Тараз қаласының әкімі — Қайрат Досаев. Ол әр жылдары Жамбыл облысы Қордай және Шу аудандарының әкімі болды.
Дәретханадағы зорлау
Сұмдық жағдай туралы жақында белгілі болды. Таразда 7-сынып оқушысын мектеп аумағында зорлады.
Мектеп дәретханасы дұрыс жұмыс істемеген және бөтен адамға ешкім назар аудармаған. Ата-аналар бұл үшін мектеп басшылығын жазалауды талап етті.
Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Полицияның мәліметінше, ол 19 жыл бұрын адам зорлағаны үшін төрт жыл түрмеде отырып шыққан.
Кейін мектеп қызметкерлерінің жаппай жұмыстан босатылғаны белгілі болды.
sputniknews.kz