Тоқаев тағы бір шенеунікті лауазымынан босатты

0
8314

Марат Дәуешов Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды kznews.kz сайты ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Марат Еркінұлы Дәуешов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды», — деп хабарлайды Ақордадан.

Оның орнына Берік Серікұлы Беркімбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.