Тоқаев сыртқы саяси іс-шаралар кестесімен танысты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Президент Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын жандандыру қажеттігін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады,  деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан делегациясының Қырғызстанда өткен «Еуропалық одақ – Орталық Азия» атты министрлер конференциясына және Словакияда өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлерінің бейресми Кеңесіне қатысқаны жөнінде мәлімет берілді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев неліктен президент ретінде алдымен Ресейге барды 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның стратегиялық серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын жандандыру қажеттігін айтты.

Кездесу барысында мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы сыртқы саяси іс-шаралар кестесі қарастырылды.



sputniknews.kz