Тоқаев суық тигізіп алды

0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев суық тигізіп алды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз хатшысы Берік Уәли.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы тұмауратып қалғанына қарамастан уәдесінде тұрды. Ол бұл тақырып отандастарымызды қаншалықты алаңдатып отырғанын ескере отырып, ұлттық телеарнаның журналисімен сұхбатынан бас тартпады» деді Уәли.

Ол мемлекет басшысының Qazaqstan телеарнасына берген сұхбаты көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырғанын атап өтті.

«Бұл біздің еліміздің ақпараттық кеңістігіндегі басты тақырыпқа айналды деп айта аламыз, оны әлемнің жетекші агенттіктері белсенді түрде жазып жатыр» деді Уәли.