Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kznews.kz.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тіледі.
“Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық қатынастарын нығайтуға Шавкат Мирзиёевтің қосқан зор үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді. Президенттер екіжақты өзара ықпалдастықтың жоғары қарқынын атап өтіп, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты арттырудың перспективаларын талқылады”, – деп жазылған Ақорданың хабарламасында.
Тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі байланыстардың алдағы кестесін пысықтады.
ШАВКАТ МИРЗИЕЕВ НЕШЕГЕ ТОЛДЫ?
Өзбекстан президенті бүгін 67 жасқа толып отыр. Тоқаевтан төрт жасқа кіші. Шавкат Мирзиёев 1957 жылы 24 шілдеде дүниеге келген. Шавкаттың қай ұлт екендігі туралы даулар болды, бірақ президенттің ресми өмірбаянында оның ұлты өзбек деп көрсетілген. 1981 жылы Ташкент ирригация және мелиорация институтын бітіріп, кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді, содан кейін институттың ең жас ғалымдарының бірі болып техника ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. Институтта жұмыс істеген соңғы жылдары институттың бірінші проректоры қызметін атқарды.
2016 жылдың желтоқсанына жоспарланған мерзімінен бұрын президенттік сайлауда Өзбекстан президенті лауазымына үміткер ретінде ұсынылды. Сайлауда 88,61 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетіп, қайта сайланды.
Мирзиёев әйелі Зироатхонмен институтта сабақ беріп жүргенде танысқан. Ол кезде Зироатхон студент болған, оқу орнында ең сұлу қыз болған деседі. Мирзиёев пен Хошимованың екі қызы және бір ұлы бар. Интернетте ұлы Әлішердің бірнеше суреттері жарияланған. Оның үйленгенін немесе балалары барын ешкім білмейді. Желіде қыздары Саида мен Шахноза туралы деректер баршылық.