Тоқаев шахтадағы апаттан кейін «АрселорМиттталмен» ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды   облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Сонымен қатар президент үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.

Бұдан бөлек үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.

Еске салайық, Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада жарылыс болып, 11 адам ажал құшқан еді. 

“Түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға 18 адам жеткізілді. 09:00-дегі ақпарат бойынша. Кеншілердің жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамын”, – деп жазды аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев.

Қазір оқиға орнында 40 құтқарушы, 10 бірлік техника мен 3 психиолог жұмыс істеп жатыр.