Тоқаев Санкт-Петербургтегі Еуразиялық экономикалық одақтың саммитіне бармайды
Қысқа сілтеме алу
https://sputniknews.kz/images/1228/80/12288075.jpg
Sputnik Қазақстан
https://sputniknews.kz/politics/20191219/12335415/Toqaev-sammit.html
Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Ресейдегі кездесуге кім барады деген сұраққа жауап берді
НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласында өтетін Еуразиялық экономикалық одақтың бейресми саммитіне бармайды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербург қаласында өтетін Еуразиялық экономикалық одақтың бейресми саммитіне қатысу-қатыспауына байланысты сұрақтар келіп түсуде. Осыған орай аталған саммитке еліміздің атынан Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы ретінде Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысатынын хабарлаймын», — деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, мемлекет басшысы мен Елбасы шет елге бірге сапарға шықпайды.
Тағы оқыңыз: Ресей біздің сыртқы саясатымыздың басым бағыты болып қала береді – Тоқаев
«Елбасы тиісті құжаттарды талқылау барысында өз пікірін айтуға құқылы. Құжаттарға қол қою құзыреті президентке тиесілі», — деп атап өтті Уәли.
Қасым-Жомарт Кемелұлы 20 желтоқсанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысына қатысып, сөз сөйлеуді жоспарлап отыр.
sputniknews.kz