Тоқаев Рим Папасына домбыра сыйлады

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасына домбыра сыйлады, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі bort_01 Telegram-каналына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискке қонақжай қазақ жерінен естелікке домбыра сыйлады», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Рим Папасы Қазақстанға 13 қыркүйеу күні ресми мемлекеттік сапарымен келген болатын. Ол әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысты. Сонымен қатар съезде қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Рим Папасының медалімен марапатталды.