Тоқаев ресми құжаттарды тану тәртібі туралы заңға қол қойды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Құжат табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмауды көздейді   

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан және Арменияның уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Назарбаева Еуразиялық экономикалық одақ туралы шындықты айтты 

«Мемлекет басшысы «2006 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының үкіметі мен Армения Республикасының үкіметі арасындағы Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция және оған Хаттама шеңберінде Қазақстан Республикасының және Армения Республикасының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», — деп жазылған хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. 



sputniknews.kz