Тоқаев Ресеймен қарым-қатынасының қандай деңгейде екенін мәлімдеді

0
381
turkystan.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Катар экономикалық форумының панельдік сессиясында Ресей президенті Владимир Путин әлі де Қазақстанның сенімді одақтасы екенін айтты, деп хабарлайды Kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Иә, ол Владимир Путин әлі де Қазақстанның сенімді одақтасы. Ал өз елімнің президенті ретінде мен Путинмен тығыз қарым-қатынаста болғаныма өте қуаныштымын», — деп жауап берді Мемлекет басшысы Bloomberg телеарнасының жүргізушісі Манус Крэнни сұрағына.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей көшбасшысының жеке сұхбатында Қазақстанның Донецк пен Луганск мәселесіне қатысты ұстанымы туралы сөзіне ешқандай реакция білдірмегенін айтты.