Тоқаев ресейлік мұнай компаниясының басшысымен кездесті

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы өзара ықпалдастықтың келешегі талқыланды

НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек — Sputnik. Мемлекет басшысы ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Вагит Алекперов Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның Қазақстандағы жүзеге асырып жатқан жобалары туралы айтты. Олар мұнай-газ саласындағы өзара ықпалдастықтың келешегін талқылады.

Қазақстан президенті еліміздің энергетика секторын дамыту ісіндегі «Лукойл» компаниясының үлесін жоғары бағалады.

«Лукойл» – біздің стратегиялық инвестициялық серіктесіміз. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сіздің компаниямен арадағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән берді. Біз ұзақ уақыттан бері бір-бірімізді білеміз. Сондықтан осы жемісті ынтымақтастықтың табысты болатыны сөзсіз деп ойлаймын», – деді мемлекет басшысы.

Тағы оқыңыз: кездесу барысында мұнай-газ саласындағы өзара ықпалдастықтың келешегі талқыланды



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз