Тоқаев Ресейдің үкімет басшысын Ақордада қабылдады – Қазақстан жаңалықтары

0

Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің премьер-пинистрі Михаил Мишустинді қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР Президенті Телерадиокешеніне сілтеме жасап.

Президент импичментінің америкалық тәжірибесі. Қазақстан президенті қандай жағдайда жауапкершілікке тартылады?
«Құрметті Михаил Владимирович, біздің елордамызға қош келдіңіз! Сіз Үкімет басшысы ретіндегі алғашқы шетелдік сапарыңызды Қазақстанға жасап отырсыз. Біз үшін оның үлкен символикалық әрі Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы стартегиялық ынтымақтастық және өзара әрекеттестікті дамыту тұрғысынан алғанда практикалық та мәні бар. Мен осы сәтті пайдалана отырып, сізді жоғары лауазымды қызметке тағайындалуыңызбен құттықтаймын. Сондай-ақ, өзімнің әріптесім Ресей Федерациясының президенті Владимир Владимирович Путинге ізгі тілектер мен сәлем жолдағым келеді», – деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Тоқаев Ресей үкіметінің басшысына екі ел арасында цифрландыру саласында да әріптестік орнататынына сенім білдірді.

«Мен сіздің Еуразиялық экономикалық одақтың Үкіметаралық кеңесіне қатысқаныңызды білемін. Форумның тақырыбы өте өзекті: цифрландыру, жасанды интеллект. Біз Қазақстанда осы саламен мықтап айналысып жатырмыз. Бізге сіздердің бұл салада мол тәжірибелеріңіз бары мәлім. Сондықтан бұл салада да ынтымақтастық орнатамыз деп санаймыз»,— деді президент.

Өз кезегінде Михаил Мишустин Қазақстан президентіне қонақжайлығына және елордаға шақырғанына алғыс айтты. Бұған қоса ол Қасым-Жомарт Тоқаевты Жеңіс күні аясында 9 мамырда Мәскеуде күтеміз деді.

«Ресей Президенті Владимир Путиннің де ізгі тілектері мен сәлемін үлкен ілтипатпен жіткіземін және осы сәтті пайдаланып Сізді 9 мамыр – Жеңіс күнінде Мәскеуде күтетінімізді еске сала кеткім келеді», – деді Мишустин.

Одан бөлек Ресей премьер-министрі өзінің қазақстандық әріптесі Асқар Маминмен екі тараптың өзара ынтымақтастығының барлық спекторын барынша терең талқылағанын атап өтті.

«Ресей мен Қазақстан — бауырлас елдер. Әріптестік, одақтастық қарым-қатынаста. Сауда-экономикалық және институционалдық әрекеттестік, өңіраралық және іскер орталардың байланысы артып келеді. Біздің елдеріміз, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық интеграция процесінде, ҰҚШҰ, ТДМ, ШЫҰ-да және басқа да көпжақты форматтарда маңызды рөл атқарады», – деп атап кетті Мишустин.

Сөз соңында Қазақстан Президенті Жеңістің 75 жылдығына орай Мәскеуге қуана барып қайтатындығын айтты. 

Бұған дейін Мишустин ЕАЭО-ны қайта құру үшін Қазақстанға келгендігі жайлы айтылған еді. 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз