Тоқаев Ресей елшісін қабылдады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Қазақстан президенті мен Ресей елшісі қараша айына жоспарланған өңіраралық ынтымақтастықтың XVII форумына дайындық барысын қарастырды

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективалары талқыланды.

Сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән берілді.

Тоқаев коронавирус пандемиясы кезіндегі ықпалдастықты екіжақты форматта, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ аясында одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Тоқаев ЕАЭО-ны құру кезінде Қазақстанның қандай талапқа көнгенін айтты

Сонымен қатар, тараптар биылғы қараша айына жоспарланған өңіраралық ынтымақтастықтың XVII форумына дайындық барысын қарастырды. Президент аталған іс-шараның сапалы әрі мазмұнды болуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

Бұдан бөлек, кездесуде өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.



sputniknews.kz