Тоқаев Қызылорда облысының әкімін тағайындады

0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қуанышбек Искаков Қызылорда облысы әкімі болып тағайындады. Бұл туралы 28 маусымда Ақорда сайты хабарлады.

Осыған дейін Қызылорда облысы әкімі болған Қырымбек Көшербаев президент әкімшілігінің жетекшісі қызметіне ауысқан.

51 жастағы Искаков бұған дейін Қызылора облысы әкімінің орынбасары болған. Қызылордадағы ауыл шаруашылығы инженерлерінің институтын, Қызылорда политехника институтын тәмамдаған. Салық органдарында, қаржы мекемелерінде жұмыс істеген.

2015 жылдан осы уақытқа дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып, экономика, қаржы, әлеуметтік мәселелер бойынша сұрақтарға жауап берген.

Azattyq