Тоқаев қызметкерлерге туған күнімен құттықтамау туралы ескерту жасады – Қазақстан жаңалықтары

0
72

Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев қызметкерлерді ертеңгі болатын туған күнімен құттықтамауын сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев

Бұл туралы ҚР президенті баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Соңғы күндері бірқатар ақпарат құралдарының өкілдері «Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді?» деген сауал жолдап жатыр. Биылғы 17 мамыр жексенбі күніне сәйкес келіп отыр. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы үйінде жұмыс істейді. Аталған датаға орай ешқандай шара өтпейді», – дейді ол.

Айтуынша, Президент Әкімшілігінің қызметкерлеріне туған күнімен құттықтамау, естелік сыйлықтар тарту етпеу туралы ескерту жасаған. Сондай-ақ, Президент бұл күнді тойлағанды ұнатпайды екен.

«Өйткені ол кісінің отбасында балалардың да, ересектердің де туған күні тойланбайды екен. Ондай дәстүр қалыптаспаған. Дегенмен ертең Қасым-Жомарт Кемелұлын туған күнімен көршілес мемлекеттердің басшылары телефон арқылы құттықтайды деп күтілуде. Қазірдің өзінде көптеген Мемлекет және Үкімет басшыларының, Парламент төрағалары мен халықаралық ұйым жетекшілерінің құттықтаған жедел хаттары келіп жатыр. Мұндай құттықтаулар ертең кешке дейін әлі де жалғаса береді деп ойлаймын», – деп жазды ол.

stan.kz