Тоқаев Қытай телеарнасына сұхбат берді

0

12 мамырда CCTV Қытай телеарнасының эфирінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«ҚХР-ға мемлекеттік сапар қарсаңында Президент еліміздің Қытаймен саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту перспективаларына, қазақ-қытай қатынастарының тарихы мен бүгінгі күніне, жаһандық және өңірлік саясатқа қатысты Leaders Talk бағдарламасының сұрақтарына жауап береді», — делінген Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарламасында.