Тоқаев: Қытай – Қазақстанның экономика және сыртқы сауда саласындағы басты серіктесі

0
33

Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынға қатысты. Отырыс барысында мемлекет басшысы Қытай экономика және сыртқа сауда салсында Қазақстанның басты серіктесі екенін айтты, деп хабарлайды Ақорда.

«Қытай – Қазақстанның экономика және сыртқы сауда саласындағы басты серіктесі. Бұл ел соңғы 15 жылдың ішінде экономикамызға 22 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Сондықтан Қытаймен арадағы көпжақты ынтымақтастықты тереңдете түсу – еліміз үшін аса маңызды міндет», – деді президент. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес құрылымдары арасындағы тікелей байланыстарды нығайту және жаңа көлік-логистикалық дәліздерді ашу қажет екенін еске салды. «Күш біріктіре отырып, серпінді инновациялық-технологиялық жобалар топтамасын жасау, үздіксіз көлік-логистика жүйесін құру, түптеп келгенде, елдеріміздің экономикасының өсімі үшін жаңа мүмкіндік туғызу перспективті болады деп ойлаймын», – деді мемлекет басшысы.