Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Сапар барысында президент екі елдің жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға мемлекетттік сапармен барады. Бұл туралы брифингте сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

Алдағы күндері екі елдің сыртқы саясат ведомствосы Қазақстан президентінің Қырғызстанға сапарына байланысты ұйымдастырушылық мәселелерді талқылайды. Смадияровтың айтуынша, 29-30 қазанда сыртқы істер вице-министрлері деңгейінде кездесулер болады.

«Кездесу барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы Қырғызстанға мемлекеттік сапарының ұйымдастырушылық мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр», – деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.  

Тоқаев мемлекеттік сапар барысында Қазақстан мен Қырғызстанның жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің бесінші отырысына қатысады деп көзделген. Сондай-ақ қырғыз әріптесімен келіссөздер өткізеді.

Министрлік мемлекет басшысының көрші елге нақты қай күндері баратынын айтқан жоқ.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз