Тоқаев Құрбан айт қарсаңында журналист пен қоғам белсендісіне кешірім берді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Павлодарлық журналист Ярослав Голышкин мен шымкенттік қоғам белсендісі Ерлан Балтабай жазасының өтелмеген бөлігі үшін айыппұл төлейді

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында екі сотталушыға ​​кешірім берді.

Павлодарлық журналист Ярослав Голышкин мен шымкенттік қоғам белсендісі Ерлан Балтабай бас бостандығынан айыру жазасын айыппұлға алмастырды.

«Құрбан айт мерекесі қарсаңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ярослав Голышкин мен Ерлан Балтабайды кешірді. Олар өкініш білдіріп, кінәсін толығымен мойындап, президентке кешірім беруді сұрап өтініш жасады. Бас бостандығынан айыру айыппұлмен алмастырылды», — деді Sputnik Қазақстан тілшісіне мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Ярослав Голышкин не үшін сотталды

Журналист, павлодарлық «Версия» газетінің бас редакторы Ярослав Голышкин Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша, бір топ адамның алдын ала сөз байласуы арқылы аса ірі көлемде ақша бопсалағаны үшін сотталды.

2015 жылы сот журналистің мүлкін тәркілей отырып, сегіз жылға бас бостандығынан айырды.

Ерлан Балтабай не үшін сотталды

Шымкенттегі «Достойный труд» кәсіподағының жетекшісі Ерлан Балтабайға қатысты қылмыстық іс өткен жылдың қыркүйегінде басқалардың сеніп тапсырған мүлкін иемденгені немесе ысырап еткені үшін 189-бап бойынша қозғалды.

Оған одаққа тиесілі 10,8 миллион теңгені жымқырды деген айып тағылды. Ол қоғамдық бірлестіктер мен басқа да коммерциялық емес ұйымдарды басқару құқығынан айырылып, жеті жылға сотталды.



sputniknews.kz