Тоқаев Қазақстанның Әзербайжандағы елшісін ауыстырды

0

Әлім Байел Қазақстанның Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлім Дәуренұлы Байел Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», — делінген Жарлықта.

Сондай-ақ, Сержан Әбдікәрімов Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі қызметінен босатылды.