Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

«Қымбатты ханымдар!

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сұлулық пен үйлесімді айшықтайтын шуақты көктем мерекесінде біз барша асыл жандарға ерекше құрмет көрсетіп, ықылас-ілтипат білдіреміз.

Сіздер түрлі салада жемісті еңбек етіп, елімізді өркендетуге белсенді атсалысып келесіздер. Кез келген шаруаға жауапкершілікпен қарап, әрбір істің берекесін арттыруға ұйытқы болып жүрсіздер.