Тоқаев қазақстандықтарды алғаш рет Жаңа жылмен құттықтады

0
27

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Мемлекет басшысының алғашқы мерекелік құттықтауын Жаңа жыл түнінде барлық респуликалық телеарна көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды алғаш рет Жаңа жылмен құттықтады.

Мемлекет басшысы республика халқына құттықтауды Ақордадан жолдады. Ол жаңажылдық шырша жанында тұрып, 2019 жылы елде болған маңызды оқиғаларды еске салды. Президент қазақстандықтардың жетістіктері мен жеңістерін атап өтіп, 2020 жылдағы маңызды міндеттерді белгіледі.

Қазақстан басшысы халыққа бейбіт өмір, бақ-дәулет пен береке тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы жаңажылдық құттықтауын барлық республикалық телеарна көрсетті.

Атап өтсек, Тоқаев 2019 жылдың 20 наурызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасынан кейін президент болды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 2020 жылдан бастап не өзгереді

Өткен жылдың жазында Қазақстанда президент сайлауы өтті. Оған алғаш рет Елбасы үміткер ретінде қатысқан жоқ. Қасым-Жомарт Тоқаев 76 проценттен астам дауыс жинап, сайлауда жеңіске жетті.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз