Тоқаев Қазақстан президенттігіне ресми тіркелген алғашқы кандидат болды
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Орталық сайлау комиссиясына ұсынған құжаттары талапқа сәйкес келеді
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда өтетін мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауына қатысу үшін ресми тіркелген алғашқы кандидат болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.
«Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде тіркеуге қажетті құжаттардың бәрі Орталық сайлау комиссиясына тапсырылды. Олар барлық талапқа сай келеді», — деді ОСК хатшысы Сәбила Мұстафина.
sputniknews.kz