Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, президент қызметіне кірісті

Ант қабылдау рәсіміне ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқынның алдында ант қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Рәсімге ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев қолын елдің бас құжаты – Конституцияға қойып тұрып, Қазақстан халқына адал қызмет ететініне ант берді.
Ант берген сәттен бастап ол ҚР Президенті қызметіне кіріседі.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!