Тоқаев Қазақстан халқы еңбекқор ұлт болуы керектігін айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қазақстан президенті әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, отандастарын Еңбек күнімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды еңбек күнімен құттықтады. Президент құттықтауын Twitter-аккаунтында жариялады.

«Еңбек күні құтты болсын, отандастар! Біз Қазақстанның даму жолында күш-жігерін жұмсап, жетістікке жеткен барша еңбек адамдарына лайықты құрмет көрсетеміз. Әсіресе, ардагерлерімізге айырықша алғыс айтамыз. Еңбек — бәрін жеңбек. Әрбір еңбек бағалы! Біз еңбекқор ұлт болуымыз керек», — деп жазды Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетсек, Қазақстанда Еңбек күні 2013 жылдан аталып өтеді. Осы жылы республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев тиісті жарлыққа қол қойған болатын.



sputniknews.kz