Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасарын тағайындады

Қысқа сілтеме алу
Бұған дейін ол премьер-министр кеңсесінде жұмыс істеген
НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
«Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды», — делінген өкімде.
Бұған дейін Баймұқашев премьер-министр кеңсесі қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.
Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесі күш құрылымдары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді, сондай-ақ, заң жобаларына талдау жасап, нормативтік құжаттардың орындалуын бақылайды.
Тағы оқыңыз: Назарбаев министр Қасымовты қызметінен босатты
Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы – тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев. Ол кеңесті өмір бойы басқару құқығына ие.
Осы жылдың ақпанында бұрынғы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалған еді.
sputniknews.kz