Тоқаев қатерлі ісікті емдейтін бірегей қондырғы туралы айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Мемлекет басшысы белгілі ғалым-нейрохирург Серік Ақшолақовты қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда қатерлі ісік, ми тамырлары мен функционалды ауруларды емдеуге арналған «Гамма-пышақ»  қондырғысы іске қосылады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында жазды.

«Елбасымыз Қазақстанның Еңбек ері мәртебелі атағымен марапаттаған, белгілі ғалым-нейрохирург Серік Ақшолақовты қабылдадым. Қатерлі ісіктерді, ми тамырлары мен функционалды дерттерді емдеуге арналған «Гамма-пышақ» атты бірегей қондырғының жақында іске қосылатыны жөнінде мәлім етті», — деп жазды Тоқаев.

Бұған дейін Ақшолақов «гамма-пышақ» туралы Қазақстан нейрохирургтері IV конгресінің кулуарында айтқан еді.

Тағы оқыңыз: Ғалымдар қатерлі ісікті сумен анықтаудың жолын тапты

«Алдағы он жылда алдымызға мүлде басқа міндеттер қойып отырмыз. Бұл заманауи технологияларды енгізу, соның ішінде Gamma Knife (гамма-пышақ) радиохирургиялық әдісімен ми ісіктері мен ми қан тамырлары ауруларын емдеу. Бұл науқастарды компьютерлік әдіспен сәулелендіру. Науқас 30-40 минут ішінде жазылып кетеді. 2019 жылы бұл әдісті енгізуді көздеп отырмыз», — деген болатын ол «Казахстанская правда» басылымына берген сұқбатында.



sputniknews.kz