Тоқаев қаржыгерлердің айлығын өсіру туралы тапсырма берді — Қазақстан жаңалықтары
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 1 маусымнан бастап бюджет саласындағы қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz сілтеме жасап Stan.kz.
Бұл туралы Қ.Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады.
» Үкіметке бюджеттік саладағы еңбекақысы төмен қызметкерлердің жалақысын өсіруді 2019 жылдың 1 шілдесінен 1 маусымына ауыстыруды тапсырдым. Бұл шешім бір миллионнан астам азаматтық және мемлекеттік қызметкерлердің өміріне тікелей әсер етеді», — деп жазды Қ.Тоқаев.
Айта кетсек, ақпан айында Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға көтеру туралы жариялаған еді. Осы мақсатта мемлекеттен 2019-2021 жылдары қосымша 980 миллиард теңге бөлінетін болып шешілген.
Сондай-ақ тұңғыш президент жергілікті атқарушы органдардың төменгі қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 25 пайызға арттыруды тапсырған. «Бұл жерде орталық пен өңірлер арасында елеулі сәйкессіздік пайда болды», — деп атап өткен еді Н.Назарбаев.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz