Тоқаев Қарағанды облысының жаңа әкіміне қандай міндет жүктегені белгілі болды

0
21
Advertisement

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Асқар Мамин Жеңіс Қасымбекті Қарағанды облысының активіне таныстырып, ел басшылығы қандай міндеттер қойып отырғанын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин Қарағанды облысының активіне жаңа әкім Жеңіс Қасымбекті таныстыра отырып, оның бай тәжірибесі мен жоғары біліктілігін атап өтті. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайты жазды.

«Жаңа әкімнің алдына өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша салмақты міндеттер қойылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының дамуына ерекше көңіл бөледі. Жеңіс Қасымбектің осы жоғары сенімді ақтайтынына сенімдімін», — деді А. Мамин.

Премьер-министр осыған дейін әкім болған Ерлан Қошановқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, жаңа қызметінде сәттілік тіледі.

Жеңіс Қасымбек туралы не білеміз?

1975 жылы 7 мамырда Жамбыл облысы Шу қаласында дүниеге келді. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын архитектор-дизайн мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматыдағы «Темірбанк» ашық акционерлер қоғамында бас банкир қызметінен бастаған. Әр жылдары ҚР көлік және коммуникация вице-министрі, ҚР көлік және коммуникация министрі, Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі, министрі болды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев неге бірнеше маңызды ауыс-түйіс жасағанын түсіндірді

2019 жылдың 25 ақпанынан бастап ҚР премьер-министр министрінің орынбасары қызметін атқарды.

Отбасы жағдайы

Әкесі – Махмұд Қасымбеков, 1990 жылдары ҚР президенті кеңсесін басқарған. Жұбайы – Ақжан Қасымбек. Ақерке, Жансая, Ләйлім есімді үш қызы бар.



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз