Тоқаев Қайрат Нұрпейісов пен Еркебұлан Сәпиевті жаңа қызметке тағайындады

0
73

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Президент жарлығымен екі елдегі Қазақстан елшілері ауысты

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан және Түрікменстан елдеріндегі Қазақстанның жаңа елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

«Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды», – деп жазылған президент жарлығында.

Бұған дейін Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі, ал Жандос Асанов Түрікменстандағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.



sputniknews.kz