Тоқаев президенттің Байқоңырдағы арнаулы өкілін қызметінен босатты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Серік Қожаниязов Байқоңырда арнаулы өкіл ретінде бес жыл еңбек еткен

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Байқоңыр» кешеніндегі президенттің арнаулы өкілі Серік Қожаниязовты қызметтен босатты, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы бұл өкімге 30 наурызда қол қойды.

Серік Салауатұлы Қожаниязов Қазақстан президентінің «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы арнаулы өкілі болып 2014 жылдың мамырында тағайындалған еді.

54 жастағы Серік Қожаниязов Қызылорда қаласында дүниеге келген. Кузбас политехникалық институтын «Инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдады. Сонымен бірге, Еуразия ұлттық университетінде «экономист» мамандығы бойынша диплом иеленді.

Еңбек жолын 30 жыл бұрын Қызылорда механикалық жөндеу зауытында инженер-технолог болып бастады. 2007-2008 жылдары Қызылорда әкімі болған. 2012-2014 жылдары Қазақстанның премьер-министрі кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.



sputniknews.kz