Тоқаев: Президент сайлауының ашық және әділ өтуіне кепілдік берем — Қазақстан жаңалықтары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
«Мен бизнес өкілдерімен, еңбек ұжымымен, инвесторлармен, халықаралық тұлғалармен кездестім. Біз Елбасының сара жолымен жүреміз. Халқымыз біртұтас.Тәуелсіздігіміздің құндылығы ретінде мемлекетіміздің іргесі мығым. Алдағы президент сайлауы осыған дәлел болуы керек. Сондықтан елдегі қоғамдық саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін бізге айқындық қажет.
Оның үстіне әлемдегі ахуал бұлыңғыр болып тұр. Бұл отанымыздың қауіпсіздігіне сын-қатер әкелуі мүмкін. Ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық пен тұрақтылықты сақтап Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды сәтті жүзеге асыру керек. Қазақстан демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады. Мен мемлекет басшысы ретінде сайлаудың ашық, таза, әділ өтуіне кепілдік беремін. Бұл менің берік ұстанымым. Мен халқыма сенемін», — деді ел президенті.
stan.kz