Тоқаев президент ретінде неліктен алдымен Ресейге барды
Қысқа сілтеме алу
Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Тоқаевтың Ресейге сапарының маңыздылығын түсіндірді
НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Ресей Федерациясы Қазақстанның басты серіктесі және одақтасы саналады, деп мәлімдеді Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.
Ол Қазақстанның қазіргі басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы саясат мәселелерінде Елбасының жолын қуатынын атап өтті. Қазақстан Ресей Федерациясымен стратегиялық, одақтастық қарым-қатынасты қолдайды.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан президенті ретіндегі алғашқы сапарын Ресей Федерациясына жасап, ел басшылығымен сындарлы әңгіме құруы кездейсоқ жағдай емес», — деді Әшімбаев ресейлік журналистермен кездесуінде.
Оның айтуынша, Тоқаевтың Ресейге қатысты ұстанымы анық – бұл ел Қазақстанның басты серіктесі әрі одақтасы. Бұдан бөлек Әшімбаев Қазақстан Қытай және АҚШ-пен экономика, сауда, инвестициялық ынтымақтастық, мәдени-гуманитарлық байланыстар саласындағы қарым-қатынасын нығайтатынын атап өтті.
«Еліміз үшін еуропа елдерімен және Орталық Азиядағы көршілерімен қарым-қатынасын дамыту маңызды», — деп қорытындылады Әшімбаев.
3 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті лауазымында алғашқы шетелдік ресми сапарын жасады: мемлекет басшысы Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына барды.
Қазақстандағы президент сайлауы
Кезектен тыс президент сайлауы осы жексенбі, 9 маусымда өтеді.
Осы жолы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне жеті кандидатты тіркеді:
- Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
- «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
- «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
- «Ауыл» партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
- Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
- Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
- «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.
sputniknews.kz