Тоқаев президент болса, елдің бағы жанады – шетелдік саясаткер

0
129

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Орджоникидзе Қасым-Жомарт Тоқаевты мықты мемлекет қайраткері деп атады

АСТАНА, 19 наурыз — Sputnik. Президенттің міндетін уақытша орындаушы Қасым-Жомарт Тоқаев жақсы дипломат, мемлекет қайраткері деп атап өтті БҰҰ Бас хатшысының бұрынғы орынбасары Сергей Орджоникидзе.

19 наурызда Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінде Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдеді. Қазақстан президенті міндетін уақытша атқару парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырылды.

«Бұл кісі менің орныма БҰҰ бас хатшысының орынбасары болған еді. Білімі терең, өте сауатты жан. Біздің елшілікте – Кеңес Одағының Қытайдағы елшілігінде қызмет етті. Ағылшын тілін де, қытай тілін де жетік меңгерген. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген. Елшілікте қытай тілін ең жақсы білетін адам сол еді», – деді Орджоникидзе РИА Новости агенттігіне пікір білдіріп.

Оның айтуынша, Тоқаев – «жақсы дипломат, мемлекет қайраткері».

«Бұл лауазымды кездейсоқ иеленіп отырған жоқ, ол шынымен өте мықты мемлекет қайраткері. Сондықтан ол президент болса, Қазақстанның бағы жанды деген сөз», – деп санайды Орджоникидзе.

Қасым-Жомарт Тоқаев туралы қызықты деректер



sputniknews.kz