Тоқаев: Президент ауысқанда үкіметтің қоса ауысуы міндетті емес — Қазақстан жаңалықтары

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің ауысуына қажеттілік жоқ екенін айтады. Президент ауысқанда үкіметтің қоса ауысуы міндетті емес, дейді президент.

Тоқаев: Президент ауысқанда үкіметтің қоса ауысуы міндетті емес

Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

«Президент ауысқанда үкіметтің қоса ауысуы міндетті емес. Үкімет жақында ғана жасақталғаны белгілі. Қазір көптеген қауырт жұмыстар бар. Министрлерге нақты тапсырмалар берілді. Съезд тапсырмаларын орындау, көктемгі тасқын қаупінің алдын алу, егіс науқаны сияқты маңызды маусымдық міндеттер тұр. Сондықтан қазіргі кезде үкіметті ауыстырудың қажеттілігін көріп тұрған жоқпын», — дейді Тоқаев. 

Мемлекет басшының сөзінше, жекелеген үкімет мүшелерінің қызметі олардың атқарған нақты жұмыстарына қарай бағаланады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz