Тоқаев премьер-министрге шұғыл тапсырма берді

0
50

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша шаралар әзірленеді

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

​Мемлекет басшысына үкіметтің әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша қабылдаған шаралары  және бұрынырақ берілген тапсырмалардың орындалу барысы баяндалды.

Тағы оқыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдермен кеңес өткізді

Қазақстан президенті премьер-министрге шұғыл түрде үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша шаралар әзірлеуді тапсырды.

«Бұл саясат халықтың өмір сүру деңгейін арттыру тұрғысынан тиімді болуы керек. Сондықтан, ол нақты мұқтаж жандарға ғана бағытталуы шарт», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап атаулы әлеуметтік көмектің көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% -на дейін өсіп, көп балалы отбасылар әр балаға 21 мың теңгеден алып жатыр. Бұл шараларға Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болды.



sputniknews.kz