Тоқаев премьер-министрге шұғыл тапсырма берді
Қысқа сілтеме алу
Үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша шаралар әзірленеді
НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Премьер-Министр А.Маминге шұғыл түрде Үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша шаралар әзірлеуді тапсырдым. Бұл саясат халықтың өмір сүру деңгейін арттыру тұрғысынан тиімді болуы керек. Сондықтан, ол нақты мұқтаж жандарға ғана бағытталуы шарт.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 17 июня 2019 г.
Мемлекет басшысына үкіметтің әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша қабылдаған шаралары және бұрынырақ берілген тапсырмалардың орындалу барысы баяндалды.
Тағы оқыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдермен кеңес өткізді
Қазақстан президенті премьер-министрге шұғыл түрде үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша шаралар әзірлеуді тапсырды.
«Бұл саясат халықтың өмір сүру деңгейін арттыру тұрғысынан тиімді болуы керек. Сондықтан, ол нақты мұқтаж жандарға ғана бағытталуы шарт», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап атаулы әлеуметтік көмектің көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% -на дейін өсіп, көп балалы отбасылар әр балаға 21 мың теңгеден алып жатыр. Бұл шараларға Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болды.
sputniknews.kz