Тоқаев полицейлерді кәсіби мерекемен құттықтады

0
59

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

23 маусым – полицейлер мен мемлекеттік қызметшілердің  кәсіби мерекесі

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев полицейлер мен мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтады.

«Барлық полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Сіздердің жұмыстарыңыз қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға байланысты, сол себепті халық сіздерге үміт артады. Жұмыстарыңызға табыс және береке тілеймін», – деп жазды Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ бүгін мемлекеттік қызметшілер де кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр. Бұл мейрам 2013 жылы президент жарлығымен бекітілген еді.

«Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Азаматтардың өмір сүру сапасы мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысына байланысты. Қазақстанның игілігі жолындағы жауапты жұмыста табыс тілеймін», – деп жазды президент.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев ант беру рәсімінен кейін бірқатар тағайындау жасады. Бұдан бөлек, бірнеше ведомство қайта құрылып, сауда және интеграция, сонымен қатар экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері жұмысын бастады.



sputniknews.kz