Тоқаев пен Зеленский не туралы сөйлесті?

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі өз мемлекеттеріндегі ең жоғары қызметке сайлануларымен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек — Sputnik. Біріккен ұлттар ұйымы бас ассамблеясының 74-ші сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі өз мемлекеттеріндегі ең жоғары қызметке сайлануларымен құттықтады.

Қазақстан президенті екі ел арасындағы тарихи тамырластық пен ортақ болашақ жайын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинамен арадағы саяси және сауда-экономикалық  ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін айтты.

Тағы оқыңыз: Тоқаев АҚШ-та үш маңызды нәрсені атады

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бір-бірін өз мемлекеттеріне сапармен келуге шақырды.



sputniknews.kz