Тоқаев пен Рахмонов Астанадағы Наурыз мерекесінде кездесті

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументі маңындағы алаңда Наурыз мерекесіне арналған мерекелік шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі спортшы Шавкат Рахмоновпен әңгімелесті, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы спортшыны көктем мерекесімен құттықтап, спортшының қолын алды.
«Құтты болсын! Жақында міндетті түрде сені қабылдаймын сені. Жарайсың! Мақтан тұтамыз!» — деді Тоқаев Рахмоновқа.