Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Екі елдің басшылары алдағы жұмыс кестесін ақылдасты. Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының XVI аймақаралық форумына дайындық барысын талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді туған күнімен құттықтады.

«Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, достық пен тату көршіліктің берік қарым-қатынасына құрылған Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті», — деп жазылған Ақорда сайтында.

Екі елдің басшылары алдағы жұмыс кестесін ақылдасты. Оның ішінде, биылғы 6-7 қараша күндері Омбы қаласында өтетін Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының XVI аймақаралық форумына дайындық барысын талқылады.



sputniknews.kz