Тоқаев пен Путин Сочиде кездеседі

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстан мен Ресей президенттері Валдай форумында кездеседі. Жиында Шығыстың әлемдік нарыққа әсері талқыланады

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Сочиде Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты өңірлік мәселелерді талқылайды, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.

3 қазан күні Путин «Валдай» клубының пленарлық сессиясына қатысады деп күтіліп отыр.

«Форумда Ресей президенті Әзербайжан, Иордания, Қазақстан және Филиппин елдерінің басшыларымен кездеседі. Екіжақты және өңірлік мәселелер талқыланады деп күтіліп отыр», — деп жазылған  хабарламада.

«Валдай» халықаралық пікірталас клубының отырысы 30 қыркүйек – 3 қазан күндері аралығында өтеді. Тақырыбы:»Шығыс дамуы және әлемдік саяси құрылыс». Ал панельдік сессия 3 қазан күні өтеді.

Тағы оқыңыз: Назарбаев, Путин мен Трамптың видеолары желіде қызу талқыланды

Форумға қатысушылар Шығыстың әлемдегі жағдайға әсері, таяу шығыс мәселелерін реттеу, Еуразия кеңістігі аумағында әріптестік орнату жайы талқыланады. Сондай-ақ, Ресейдің Шығыс бағытындағы сыртқы саясатына ерекше көңіл аударылады деп күтіліп отыр.

Клуб жұмысына 37 елден 140-тан астам сарапшы келеді.



sputniknews.kz