Тоқаев пен Путин Омбыда кездеседі

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастық форумында бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин Омбыда кездеседі, деп хабарлайды Ақорда. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда «Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбын арқау еткен Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. 

Форум аясында Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі. Сондай-ақ отырыста бірқатар құжатқа қол қойылады. Бұдан бөлек, президент жоғары технологияларға арналған көрмені аралап көреді.

Айта кетейік, форум 6-7 қарашада өтеді. Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, мемлекет басшыларының қатысуымен форумның пленарлық отырысы 7 қарашада сағат 14:00-15:00 аралығында болады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев азық-түліктің қымбаттауы нені білдіретінін айтты



sputniknews.kz