Тоқаев пен Әлиев Бакудегі қазақтың киіз үйіне кірді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Баку көшелерінде серуендеді, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Каспий теңізінің жағасын аралап көріп, мұнда орнатылған қазақтың киіз үйіне кірді.
Қазақстан көшбасшысының Әзербайжанға ресми сапары аяқталар алдында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев жылы қоштасты.