Тоқаев павлодарлық мұғалімнен есептер жинағын сыйға тартуды сұрады
Қысқа сілтеме алу
Мемлекет басшысы бос уақытында жас ұстаздың есептерін шешумен айналысуға уәде берді
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен кездесуде жергілікті мектептердің бірінің физика пәні мұғалімі құрастырған есептер жинағын сыйға тартуды сұрады.
Мемлекет басшысы алдында №34 мектептің мұғалімі Жасұлан Меңдібаев сөз сөйледі, деп жазады pavlodarnews.kz.
Тағы оқыңыз: Тоқаев Павлодар облысына барды
Жас мұғалім облыстың білім беру саласындағы жаңашылдықтар туралы айтып, оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыратын есептер жинағын шығарғаны жайлы да сөз қозғады.
«Сабақта нақты өмірлік жайттар мен мысалдарды келтіріп, тәжірибеге негізделген ұстанымды пайдаланамын. Сондықтан «Физика инфографикасы» атты оқулықты жазуға қажеттілік туындады, бұл кітап оқушыларыма физиканы қызықты әрі күнделікті өмірге қажетті пән ретінде түсінуге мүмкіндік береді», — деді Жасұлан Меңдібаев.
Тағы оқыңыз: Тоқаев Назарбаевпен алғаш кездескен сәтін еске алды
Қазақстан президенті ұстазды зейін қойып тыңдап, бос уақытында пайдалану үшін сол оқулықтың бір данасын сыйға тартуды сұрады.
«Мектепте оқыған кезде, физиканы жақсы көретінмін, — деп атап өтті мемлекет басшысы. – Бірақ жоғары жетістікке жете алмадым. Менен Эйнштейн шықпайтынын дер кезінде түсіндім. Дегенмен, бос уақытымда айналысуға болады, физика мен шет тілдері – миға жақсы жаттығу», — деді Тоқаев.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін 27 сәуірде Павлодар облысына сапармен барды. Мемлекет басшысы облыс орталығының бірнеше нысанын аралап, өңір халқымен кездесті.
sputniknews.kz