Тоқаев Павлодар облысының әкімін қабылдады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Мемлекет басшысы Болат Бақауовқа бірқатар тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Өңір басшысы президентке аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы жеті айдағы көрсеткіштері туралы баяндады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев экс-министр пен бірнеше лауазымды қызметкерді қатаң жазалады

Сондай-ақ, Бақауов мемлекет басшысына өңірде жаңа жұмыс орындарының ашылуы, инвестициялық және индустриялық жобалардың орындалу қарқыны, «Нұрлы Ертіс» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы мәлімет берді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы суармалы жерлердің аумағын ұлғайту, халықтың тұрмыс сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.


©
Photo : Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы әкімі Болат Бақауовты қабылдады



sputniknews.kz