Тоқаев Павлодар облысына барды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Мемлекет басшысы Тоқаевтың облыс жұртшылығымен кездесуі жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

«Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің бірқатар әлеуметтік және индустриялық нысандарын аралап көріп, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысады», – деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. 

Сондай-ақ, мемлекет басшысының облыс жұртшылығымен, соның ішінде мұғалімдер қауымымен, еңбек ұжымдарымен, жастар өкілдерімен кездесуі жоспарланып отыр.

Айта кетсек, кеше мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болған еді. 

Тағы оқыңыз: Семейде жүрген Тоқаев үкіметке қандай тапсырма берді?



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз