Тоқаев Павлодар облысына барды

Қысқа сілтеме алу
Мемлекет басшысы Тоқаевтың облыс жұртшылығымен кездесуі жоспарланып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің бірқатар әлеуметтік және индустриялық нысандарын аралап көріп, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысады», — деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының облыс жұртшылығымен, соның ішінде мұғалімдер қауымымен, еңбек ұжымдарымен, жастар өкілдерімен кездесуі жоспарланып отыр.
Айта кетсек, кеше мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болған еді.
Тағы оқыңыз: Семейде жүрген Тоқаев үкіметке қандай тапсырма берді?
sputniknews.kz