Тоқаев парламенттің бірлескен отырысын ашты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына алғаш рет жолдау жасайды

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алтыншы шақырылымдағы парламенттің бесінші сессиясын ашты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Парламенттің бесінші сессиясының ашылуына сенат пен мәжіліс депутаттары жиналған. Қос палатаның бірлескен отырысы барысында президент Қазақстан халқына арналған жолдауын жария етеді.

Тоқаев Twitter-дегі парақшасында парламент пен үкіметке есірткі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және адамға қарсы басқа да ауыр қылмыстар үшін қылмыстық жазаны қатаңдату туралы тапсырма беретінін жазған еді.

Бұл жолы президенттің жолдауы отандық телеарналардан тікелей эфир арқылы көрсетілмейді. «Хабар 24» арнасында сағат 15:00-де саяси оқиғаға арналған арнайы шығарылым болады.

Бұл – Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауы. Бұған дейін елді 30 жылдай басқарған тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев 23 рет жолдау жариялаған еді.

Тағы оқыңыз: Жарық өшіп, тікелей эфир тоқтатылды: президент жолдауының тарихына шолу

Айта кетсек, 2019 жылдың 9 маусымында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы болды. Мемлекет басшысы лауазымына жеті адам таласты. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,96% даусына ие болып, Қазақстан президенті болды.



sputniknews.kz