Тоқаев Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовті жеңісімен құттықтады

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тоқаев жеңімпазды алтын медаль жеңуімен құттықтады.

“Дзюдошымыз Елдос Сметовті Париждегі Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Оның шеберлігі мен қайсарлығының арқасында Қазақстанның туы биікте желбіреді. Елдос мықты қарсыластармен күресте төртжылдықтың басты додаларында топ жарып, әлемнің үздігі атанды. Сіздің жеңісіңіз – біздің бүкіл халқымыздың жеңісі!” – деп жазды Мемлекет басшысы Х парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін 27 шілдеде Елдос Сметов Париж олимпиадасының алтын жүлдегері атанды.